Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысымен азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мемлекеттік гранттарға ҮЕҰ-дан өтінімдерді қабылдауды бастады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Конкурс шарттарына сәйкес, ҮЕҰ жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау және волонтерлік бастамаларды дамыту мен қолдау тақырыптары бойынша әлеуметтік жобаларды ұсына алады. Сондай-ақ, Маңғыстау облысының жастарын әлеуметтендіру, өңірдің жас өнертапқыштары мен ғалымдарын қолдау, жастарға арналған қоғамдық кеңістіктерді қалыптастыру, жас көшбасшылардың шетелде тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру сияқты барлығы 20 басым бағыт ұсынылып отыр.
Үкіметтік емес ұйымдар өкілі 20 қысқа мерзімді грантқа өтінім бере алады. Оператор өтінімдерді 15 жұмыс күні ішінде, яғни 15 ақпан мен 6 наурыз аралығында сағат 18:30-ға дейін қабылдайды. Конкурстық өтінімдер электрондық пошта арқылы ump-mangistau@cisc.kz, сондай-ақ қолма-қол пошта жөнелтілімімен Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5, 5 қабат, 504/1 кабинеті мекенжайы бойынша қабылданады.
Толық ақпарат пен конкурстық құжаттама бойынша ақпаратты «cisc.kz» сайтынан, сондай-ақ менеджерлерден алуға болады: +7705 247 47 22, +7 7172 79-08-03