
Облыста 2023 жылы облыс халқына медициналық көмек көрсетуге 81,6 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) 44,7 млрд теңге, МӘМС-ке 36,8 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры Елдеш Қосмағанбетов айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Спикердің айтуынша, былтыр облыста 81 медициналық орталық тұрғындарға медициналық көмек көрсетті, оның ішінде 26 мемлекеттік мекеме, 55 жеке медициналық орталық бар. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуге 32 МСАК медициналық ұйымымен шарт жасалған. 2023 жылы филиалмен жасалған жұмыстарға қорытынды жасап, МӘМС жүйесінде медициналық көмекті қаржыландыру туралы айтты. Мәлімет бойынша 2023 жылы медициналық көмек көрсетудің барлық түрінде қаржылық көлем ұлғайған. Мәселен:
2023 жылы МСАК деңгейінде медициналық көмек көрсетуге арналған бюджет 23,4 млрд теңгені құрады (2022 жылмен салыстырғанда 20,9% - ға өсім байқалады).
Сонымен қатар, стационарлық медициналық көмек көрсетуге 15,3 млрд теңге бөлініп, орындау 7,4 млрд теңгені құрады. 2023 жылы МӘМС есебінен 89-күрделі ота жасалып, 386 267 стоматологиялық қызмет тегін көрсетілген. Емханалар деңгейінде консультациялық-диагностикалық көмек көлемі ұлғайды. Консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсетуге арналған Бюджет 2022 жылмен салыстырғанда 132% - ға өсті.
- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің арқасында Маңғыстау облысының ауыл тұрғындары үшін медициналық көмекті қаржыландыру өскен. Мысалы, 2020 жылы ауыл тұрғындарын стационарлық емдеуге 2 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған, оның 668,2 млн теңгесі МӘМС бойынша. Ал 2023 жылдың қорытындысы бойынша ТМККК және МӘМС бойынша облыстың ауылдық медициналық ұйымдары көрсеткен стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда көрсетілетін қызметтердің құны 4 млрд астам теңгені құрады. Сондай-ақ, филиал директорының айтуы бойынша бүгінгі күні Маңғыстау облысы бойынша МӘМС жүйесінің қатысушылары халықтың 84,7% – ын құрайды. Бұл 666 834 адам (республика бойынша - 81,9%). Маңғыстау облысында сақтандырылған азаматтардың ең көп үлес салмағы, атап айтқанда 61,36% немесе 482 919 адамы 15 жеңілдік санатына жатады.Жыл басынан бері әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Маңғыстау облысы бойынша филиалына 1 835 өтініш келіп түскен, оның ішінде шағымдар саны - 990, - деді Елдеш Қосмағанбетов.
Басқада сұрақтар туындаған жағдайда, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, fms.kz ресми сайты, Telegram-дағы @SaqtandyrýBot, 1414 байланыс орталығы арқылы шағым білдіруге болады.