16-18 ақпан күндері Бакуде дзюдодан өтетін «Үлкен дулыға» бәсекесінде ел намысын қорғайтын Қазақстан құрамасы анықталды. Олардың қатарында Маңғыстау облысының спортшылары Бауыржан Нарбаев пен Сұңғат Жұбатқан бар, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Аталмыш бәсекеге әлемнің 64 елінен 413 спортшы қатысады. Жарыстың жалпы жүлде қоры 154 мың АҚШ долларын құрайды.
Қазақстан құрамасы қатарында Бауыржан Нарбаев, Дәурен Сюкенов (60 келі), Алмас Ғалымов, Сұңғат Жұбатқан (66 келі), Жансай Смағұлов, Бақытжан Абдурахманов (73 келі), Аңсарбек Ғайнуллин, Айбол Нысанәлі (81 келі), Ермахан Ануарбеков, Мұхаммедали Мавлидов (90 келі), Әділет Сапарғалиев, Ислам Бозбаев (100 келі), сондай-ақ, аса ауыр салмақта Еламан Ерғалиев, Әділ Оразбаев белдеседі.
Мangystaumedia.kz бұған дейін Париж Гранд Слэм турнирінде маңғыстаулық Асқар Нарқұлов пен Руслан Мұсаевтың күрескенін жазған болатын.