© Egov
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «1414» нөмірінен жіберілген хабарламаға қатысты түсінік берді, mangystaumedia.kz Kazinform ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«1414» нөмірінен жіберілген хабарлама «eGov mobile» мобильді қосымшасына тіркелмеген пайдаланушыларға жіберіліп жатыр. «EGov Mobile» мобильді қосымшасы әртүрлі жағдайда жеке SMS және push-хабарламалар жібереді», - делінген хабарламада.
Мақсат - сауалнама жүргізу және жаңалықтарды хабарлау.
«Көрсетілген сілтемеге өтіп, «eGov mobile» мобильді қосымшасын орнатуға болады», - дейді Ұлттық ақпараттық технологиялар АҚ-ның баспасөз қызметінен.