Синоптиктер Қазақстанда алдағы үш күнге – 2024 жылдың 23 қаңтары мен 25 қаңтары аралығында болатын ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, еліміздің батыс жартысында үсік пен аяз күтіледі.
"Алдағы үш тәулікте республиканың бүкіл батыс жартысы Батыс антициклонының ықпалында болады, онда жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтіледі, ал елдің қалған бөлігіне Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелер әсер етеді. Жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, тұман және бұрқасынмен желдің күшеюі күтіледі", - делінген хабарламада.