ҰҚК 2024 жылғы 20 және 24 қаңтарда прокуратура және полиция органдарының көмегімен Астана, Шымкент қалаларында және Ақтөбе облысында діни радикалдар әрекеттерінің жолын кесу бойынша операциялар өткізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҰҚК-не сілтеп.
Жедел қызметкерлер терроризмді насихаттады және қаржыландырды деген күдікпен үш адамды ұстап, қамауға алды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы 2-бөлігі және 258-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қазіргі уақытта осы істердің барлық мән-жайын анықтау үшін жедел және тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.