Бокстан бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменов Астанадағы сауда орталықтарының бірінде қолында баласы бар ер адаммен төбелесті. Оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты prosports.kz сілтеме жасап.
Кикілжің фуд-кортта болған. Келген патруль төбелеске бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменов пен Астана қаласының тұрғыны Азизбек Қадыров қатысқанын анықтады. Астана тұрғыны ұрыста жараланып қалғандықтан, сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Іс бұзақылық ретінде тіркелді. Орташа ауырлықтағы мұндай қылмыс үшін 2000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу немесе қоғамдық жұмысқа тарту, не 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Ал кейбір әлеуметтік желі қолданушылары кәсіпқой боксшыны «қоғамға қауіпті және адам өлтіруі мүмкін» деп барлық атағынан айырып, түрмеге жабуды талап етуде.