Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Медицина қызметкері күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
– Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Сіздер өз міндеттеріңізді абыроймен атқарып, ел құрметіне бөленіп жүрсіздер. Ұлт саулығы – басты байлығымыз. Мемлекет денсаулық сақтау саласына әрдайым ерекше назар аударып, дәрігерлерге үнемі қолдау көрсетеді, – деп жазылған Президент құттықтауында.