«Самара – Шымкент» тасжолында болған жол-көлік апатынан екі оқушы мен мұғалім қаза тапты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Kazinform ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға бүгін, сағат 08:45-те «Самара – Шымкент» трассасының Ырғыз ауданы Қызылжар ауылы маңында болды.
«Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, апат салдарынан 3 адам қаза тапқан. Олар – республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысуға бара жатқан 2 оқушы мен 1 мұғалім. Басқа мәліметтер ақпарат түскен бойда хабарланады», – деді Ақтөбе облыстық Білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.
Бұған дейін Ырғыз ауданының әкімдігі Toyota Alphard машинасы жүк көлігіне соғылғанын мәлім еткен еді. Такси көлігінде жүргізушіден бөлек, 5 оқушы мен 1 педагог болған.