Бірінші мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін ел тұрғындары атап өтті. Мамыр айында тағы бірнеше мереке тойланады. Сонымен қатар, мерекелерді кейбір мамандық өкілдері де атап өтеді.
Күнтізбенің тағы бір қызыл күні – 7 мамыр, Отан қорғаушылар күні. 7 мамыр жексенбіге сәйкес келетіндіктен, демалыс дүйсенбі, яғни 8 мамырға ауыстырылады. Сонымен қатар, Жеңіс күні 9 мамырда аталып өтеді. Бұл күн де демалыс күні болады.
17 мамыр – байланыс қызметкерлері күні, ал 21 мамырда Мәдениет және өнер саласының өкілдері өз мерекесін атап өтеді.
Мамырдың соңғы жексенбісі (биыл 28 Мамыр болады) химия өнеркәсібінің қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Ал 31 мамырда Қазақстанда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні аталып өтеді.