KazService мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні қарсаңында жыл сайынғы "Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ең ықпалды 50 адам" рейтингін ұсынды. Тізімде маңғыстаулықтар да бар, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
"Мұнай-газ саласы Қазақстан экономикасындағы негізгі қозғаушы күштердің бірі болып қала береді. Бұл сондай-ақ осы салада жұмыс істейтін адамдардың маңыздылығын және олардың елдің болашағын қалыптастыруға әсерін көрсетеді", - деді Қазақстан Мұнай сервистік компаниялары Одағының Төралқа төрағасы Рашид Жақсылықов.
Маңғыстаулықтар арасында рейтингіде: "Өзенмұнайгаз"АҚ Бас директоры – Нұрдәулет Килыбай ,
"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ Бас директоры – Мұрат Мұстафаев, "ММГ" АҚ бұрынғы бас директоры, қазіргі "ҚМГ" ҰК Басқарма төрағасының орынбасары – Дәулетжан Хасанов, "ММГ" АҚ бұрынғы бас директоры, ҚР Мұнай және газ бұрынғы министрі, қазіргі KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары, "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі– Ұзақбай Қарабалин бар.
KazService дайындаған "Қазақстанның мұнай-газ саласының ең ықпалды 50 адамы" рейтингі саланың дамуына және еліміздің энергетикалық кешенін дамытуға белсенді ықпал ететін сарапшылар мен көшбасшыларды (басқарушылар, техникалық мамандар және кәсіпкерлер) қамтиды.