Биылғы 1 маусымдағы дерек бойынша Қазақстандағы халық саны 19 млн 879 мың адамға жетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Еліміздің Ұлттық статистика бюросы таратқан мәліметте жалпы халықтың 61,9 пайызы немесе 1 2 297 100 адам - қалада тұрса, ал 38,14 пайызы немесе 7 581900 адам - ауылда өмір сүреді.
2023 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында Қазақстанға шетелден келген адамдар саны 2022 жылғы қаңтар-мамырдағы көрсеткішпен салыстырғанда 91,8 пайызға артқан. Ал елімізден өзге мемлекетке кеткен адамдар саны 45 пайызға азайғаны байқалып отыр.
Айта кететін бір жайт, еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы негізінен ТМД мемлекеттерімен тығыз байланысты болып отыр.
Керісінше, ТМД елдерінен Қазақстанға келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі - 89,5 және тиісінше 72,1 пайызды құраған.
Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 2,6 пайызға азайды.
Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 3 өңірінде байқалды.
Олардың ішінде Алматы (12 145 адам), Астана (11 424 адам) және Шымкент (571 адам) қалалары тізімнің басында тұр, - деп жазылған Ұлттық статистика бюросы таратқан мәліметте.