Қазақстанда 2023 жылы сәбилерге көп қойылған есімдер жарияланды. Тізімде түркі және араб тілдерінен алынған аттар көш бастап тұр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Tengri Life сайтына сілтеме жасап.
Жаңа туылған ұлдарға көп қойылатын 5 есім:
Рамазан (1281);
Әлихан (1061);
Омар (953);
Айсұлтан (961);
Әмір (774).
Айтпақшы, биыл бұрын көп қойылмайтын есімдер көбейген. 458 сәбиге Ибраһим есімі, 511 сәбиге Хамза есімі берілген.
Жоғарыда аталған есімдерден басқа Алдияр, Мұхаммед, Әли, Нұрислам, Алан, Арсен, Ислам, Әлинұр есімдері бар сәбилер көбейген.
Ең танымал қыз есімдері:
Мәдина (2310);
Айша (1644);
Айлин (1442);
Асылым (1353);
Раяна (1302).
Үздік есімдер қатарында: Аяла, Сафия, Томирис, Амина, Айым мен Мариям, Кәусар, Айкөркем және Айару. Соңғы үш есім 2022 жылы да көп қойылған.