Алыс шетелден келген әрбір турист орта есеппен 1500 доллар әкеледі. 2022 жылы Қазақстан бюджетіне 389 млрд теңге салық түскен, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық банктің мәліметінше, алыс шетелден Қазақстанға келген бір турист орташа есеппен 1500 доллар табыс әкеледі. Әрбір шетелдік турист 2 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Өткен жылы Қазақстанға 1 миллионға жуық шетелдік турист келгені хабарланды. Нәтижесінде туристік қызметтен түсетін салықтар бойынша рекордтық нәтиже 389 млрд теңгені құрады. Ал еліміздегі оларды орналастыру орындары 183 млрд теңге табыс тапты.
"Соңғы екі жылда елімізде туризм саласында жұмыспен қамтылғандар саны айтарлықтай артып, 500 мың жуық адамға жетті. Мәдениет және спорт министрлігі 2029 жылға қарай туризм саласында 800 мың адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр", - деді спорт және мәдениет вице-министрі Ержан Еркінбаев.