1 шілдеден бастап Қазақстанда ҚР Әлеуметтік кодексінің қолданысқа, Еңбек кодексіне өзгеріс енгізілуіне байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшері ұлғайтылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша 1 айға төленетін әлеуметтік жәрдемақының мөлшері тиісті жыл үшін айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінен (86 250 тенге) аспауы тиіс.
Қызметкердің орташа күндік жалақысының мөлшері орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларына сәйкес есептелген орташа жалақысы есебінен айқындалады.
Бірақ алдағы уақытта еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібін еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі айқындайды.
Айта кетейік 1 шілдеге дейін әлеуметтік жәрдемақы мөлшері АЕК-тің 15 еселенген мөлшерінен (51 750 теңге) аспаған еді.