Үкімет елдегі кейбір облыстарда, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қаласында 62 мектептің құрылысы жемқор шенеуніктерден тәркіленген қаражатқа салынатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жемқорлардан тәркіленген қаражат жинақталатын Қор арқылы республиканың бірқатар өңірінде, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 76 мың орынға шақталған (екі ауысымдық) 62 мектептің құрылысы қаржыландырылды. Жалпы, қорға былтыр желтоқсан айынан бері 151,6 млрд теңге түсті», - делінген ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қордың қызметі мектептерді, қосалқы ғимараттарды және интернаттарды салу және қайта жаңғырту арқылы үш ауысымдық білім беруді, апатты оқу орындарының проблемаларын шешуге, жалпы білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығын жоюға бағытталған.
Бұған дейін Премьер-Министр Әлихан Смайылов жемқор шенеуніктерден тәркіленген ақша мектеп құрылысына бағытталатыны туралы қаулыға қол қойып, тәркіленген ақшаға 72 мектеп салынатынын айтқан.