24-25 тамыз аралығында барлық өңірде білім қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
«Биыл республикалық тамыз кеңесі алғаш рет жаңа форматта өтеді. Барлық 20 өңір тақырыптық бағыттарға бөлінді. Кеңесте педагог-тәжірибешілер, сарапшылар, білім және психология саласының мамандары өз тәжірибелерімен бөліседі», - деді Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.
24 тамыз күні Маңғыстау облысының педагогтері "Білім мазмұнын жақсарту арқылы сапаны арттыру" тақырыптық бағыты бойынша секциялық отырысқа қатысады.
Ал 25 тамызда онлайн режимде қосылатын 20 өңірдің қатысуымен Бірыңғай республикалық пленарлық отырыс өтеді. Оған білім беру жүйесінің 12 мың қызметкері қатысады. Форумның пленарлық отырыстары министрліктің, облыстық білім басқармаларының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың Facebook, Instagram және YouTube желілеріндегі парақшаларында көрсетіледі.