18 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 140 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, 17 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 203 адамнан коронавирус анықталып, 2 адам қайтыс болған.
18 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 190 адам коронавирус инфекциясынан (–2 083+ және 107 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 328 науқас стационарда, 1 862 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 11 адамның жағдайы ауыр, 4 науқастың жағдайы өте ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.