ҚР Сауда және интеграция министрлігі су тасқыны кезеңінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын көтергені үшін елдің 10 өңірі бойынша 46 әкімшілік қаулы шығарды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Сауда министрлігінің мәліметінше, 6 айыппұл салынып, 40 ескерту берілді.
- Мысалы, күнбағыс майына, жұмыртқаға, қарақұмыққа және сәбізге сауда үстемені асырғаны үшін Ақтөбе облысындағы 2 сауда объектісі және Атырау облысындағы 2 сауда объектісі қарақұмық, картоп, қырыққабат және қантқа сауда үстемені асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді ҚР Сауда және интеграция министрлігі.
Бағаның өсу фактілері анықталған жағдайда 8 (7172) 74-37-35 нөміріне немесе облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасына хабарласуға болады.