Алматыдағы хостелде өрттен қаза тапты делінген азаматтардың бірі тірі болып шықты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бұл туралы «Отырар» арнасына Сарыағаш ауданы Дербісек ауылы әкімінің орынбасары айтты.
20 жастағы Әмірәлі Рамазан Батырәліұлы Түркістан облысының тумасы. Ол Шымкенттегі медреселердің бірінде білім алып жүрген. Хостелде тұрып жүрген жігіт Алматыға ақша табу мақсатында барған. Дегенмен қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын жас жігіт Сарыағаш ауданына қайтып кеткенін айтады.
Ал қазір Рамазан өзінің үйінде, ата-анасының жанында.