Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк және микроқаржы қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылауға шығарды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Жаңа құжат аясында қарыз алушылардың, оның ішінде 21 жасқа толмаған тұлғаларға және ойын бизнесімен белсенді айналысатын тұлғаларға қатысты борыштық жүктеме коэффициентін есептеу күшейтілмек.
Құжатқа түсініктемеде айтылғандай, ұсынылып отырған шаралар жеке тұлғалардың несие алуда кездеетін тәуекелдерін болдырмауға көмектеседі.