Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы шақыруымен елге мемлекеттік сапармен келген Германия Федеративтік Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер бастаған неміс делегациясымен кездесу ұйымдастырылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақордадағы келіссөз үстелінде Yessenov University (YU) президенті Берік Ахметов пен Қазақстан-Неміс университетінің (DKU) президенті Роммель Волрад Ақтау қаласындағы Yessenov University базасында Қазақ-неміс тұрақты инженерия институтын құру туралы келісімге қол қойды.
Ертең, 21 маусым күні Германия Президенті бастаған делегация Маңғыстау облысына келеді.
Дәл қазір Қазақстан мен Германия университеттері ректорларының форумы өтіп жатыр.