©
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді. Бұл туралы Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында жазды.
«Жұма күні, яғни 2020 жылдың 24 қаңтарында Үкімет үйінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді.
Кеңейтілген отырыста Үкімет еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларының есебін береді. Сондай-ақ Мемлекет басшысының Үкіметке ел дамуының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмаларының орындалу барысы талқыланады», - деді ол.