ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қызметтік борышын атқару үстінде көз жұмған полицей Дархан Базарбаев ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.
«Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Полиция департаменті Қостанай ауданы полиция бөлімінің полицейі Дархан Серікұлы Базарбаев ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталсын (марқұм)», - делінген Жарлық мәтінінде.
Еске сала кетейік, Дархан Базарбаев 19 қаңтар күні қызметтік міндетін атқару кезінде қаскөйдің қолынан қаза тапты.