Бұл мәселе Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz БОРТ№1-ге сілтеме жасап.
- Тұрақтандыру қорларының қызметінің тиімділігі төмен. Олардың нарыққа әсері аз. Кейде олар көлденең адамдарға да жем болады. Бюджетті жымқыру фактілері үнемі анықталуда. Әкімдер мемлекеттік қаражаттың жұмсалуын бақылай алмай қалды. Үкімет "айналым схемасының" көлемін 100 миллиард теңгеге дейін ұлғайтуды ұсынып отыр. Менде «Күтілетін нәтиже есептелді ме?» деген сұрақ болып тұр. Бөлшек сауда желілеріне емес, тікелей өндірушілерге несие беру қисынды болар еді. Қазір Үкіметтің жауабын күтпеймін. Түпкілікті шешімді тиімділік тұрғысынан қарастыру қажет, - деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған қоса, Мемлекет басшысы сауда жүйесін тәртіпке келтіру қажеттігін айтты.
– Көлеңкелі экономиканың ең жоғарғы (40%) деңгейі көрініп тұрған сауда жүйесінде тәртіп орнату өте маңызды. Алыпсатарлық, бағаға айла-шарғы жасау, жасанды тапшылық жасау фактілері кездеседі. Мұның бәрі тауарлардың құнына қосылып, халық төлейді. Үкімет Бас прокуратурамен бірлесіп, базарларды күтіп ұстауға, адал бәсекелестікті сақтауға, сатушылардың мүддесін сауда алаңдары әкімшілігінің заңсыз әрекеттерінен қорғауға, иелерінің жауапкершілігін күшейту жөнінде шаралар әзірлеуі керек. Мен Үкімет пен әкімдерден қолда бар құралдардың тиімділігін арттыру, сондай-ақ жұмысқа жаңа тәсілдерді енгізу жөнінде нақты істер күтемін, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.