ҰҚШҰ сарбаздары екі күннен кейін Қазақстаннан қайтады. Бұл туралы Президент Қ. Тоқаев Мәжіліс отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«ҰҚШҰ-ның негізгі миссиясы сәтті аяқталды. Екі күннен кейін ҰҚШҰ сарбаздары елдеріне қайтарылады. Контингентті шығару процесі он күннен аспайды», - деді Мемлекет басшысы.