Кәсіпкерлерге несиелер бойынша пайыздық төлемдер, айыппұл мен өсімпұл белгілеу уақытша тоқтатылады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Қысқа мерзім ішінде қираған дүние-мүлікті қалпына келтіру керек. Толығымен қалыпты өмірге ораламыз. Қаржы жүйесі мен көлік саласының, азық-түлік жеткізу ісінің еш кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тапшылығын, бағаның негізсіз көтерілуін болдырмау маңызды. Үкімет комиссиясы өз жұмысын бастап кетті», - деді Мәжіліс отырысына бейнебайланыс арқылы қатысқан Қазақстан Президенті.