ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Қазақстан аумағында атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«АЭС бойынша жобалық-сметалық құжаттама түскен кезде қоршаған ортаға әсерін бағалау бағытындағы экологиялық сараптама жүргізіп барып өз пікірімізді ресми жариялаймыз. АЭС салу жобасы қолымызға тигеннен кейін ғана ресми ұстанымымызды білдіреміз», - деді министр брифинг барысында .