Жамбыл облысындағы әскери бөлімде 10-нан астам жарылыс болған. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті.
«26 тамыз күні сағат 18:45-те Оңтүстік өңірлік қолбасшылығының инженерлік оқ-дәрігер базасында қоймалардың бірінен өрт шықты. Өртті сөндіруге әскери бөлімнің құрамында 3 топ бар өрт сөндіру командасы шұғыл кіріскен. Әскери бөлім бойынша кезекші бұл жайында Оңтүстік өңірлік қолбасшылық қолбасшысы жедел кезекшілік басқармасына хабарлаған», - деді министр Жамбыл өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.
Оның атап өтуінше, бастапқы кезеңде өртті сөндіруге 500 адам жұмылдырылған. Кейін олардың саны 1 мың адамға, өрт сөндіру машиналарының саны 24-ке жеткізілген.
«Қабылданған іс-шараларға қарамастан өрт шыққаннан кейін 1 сағаттан соң алғашқы жарылыс орын алды. Жалпы қуаты шағын 10-нан астам жарылыс болған. Аталға базада инженерлік оқ-дәрігер сақталады. Олардың бір бөлігі осыдан екі жыл бұрын Арыс қаласынан жеткізілген еді», - деді Нұрлан Ермекбаев.