ҚР бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы шықты.
«2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқуға рұқсат етілсін», - деп жазылған қаулыда.
Сондай-ақ, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдеріне, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне, барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшыларына жаңа оқу жылында мынадай сақтық шараларын ұйымдастыру жүктелген:
- педагогтер мен персоналдың 100% вакциналануы (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, COVID-19 ауырып сауыққан адамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде қоспағанда);
- ұйымға кіру кезінде Ashyq қосымшасын енгізу (педагогтарды, персоналды, ата-аналарды (заңды өкілдерді), 18 және одан жоғары жастағы білім алатын келушілерді QR-код (check-in) бойынша тіркеу);
- маска режимін сақтау;
- рециркуляторлардың, санитайзерлердің, тері антисептиктерінің, дезинфекциялау және жуу құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз ету;
- үй-жайларды жинау және дезинфекциялау жиілігін арттыру;
- үй-жайларды ылғалды жинау және дезинфекциялау, үй-жайлардың ауасын желдету және зарарсыздандыру режиміне қойылатын талаптарды сақтау;
- педагогтердің, персоналдың және білім алушылардың күнделікті «кіру» сүзгісі (байланыссыз термометрмен термометрия);
- бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстары және т. б.);
- мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып іс-шаралар өткізуге тыйым салу;
- зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда, кабинеттік оқыту жүйесін болдырмау;
- бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын бөлек ұстау (сабақтың басталу уақыты бойынша ең жоғары мүмкіндікті ескере отырып) жағдайларында оқыту.
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.