Мемлекет басшысының Жарлығымен Сапархан Кесікбайұлы Омаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
Айта кетейік, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АШМ басшысы Сапархан Омаров отставкаға кетуі тиіс деп мәлімдеген болатын.