Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында бүгінгі халықаралық балаларды қорғау күнінің маңызын атап өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Еліміздің жас буын өкілдерінің балалық шағы бақытты өтіп, дені сау, жан-жақты азамат болып өсуіне жағдай жасау – стратегиялық маңызы бар міндет. Бұл – Қазақстанның жарқын болашағының кепілі", деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.