Қазақстандық Telegram-чаттарда адам миының ішіндегі нанобот көрсетілген бейнеролик тарады. Құрылғы адам нейрондарды басып алып, оларды жасанды «қармауыштармен» алмастырады. Бұл – фейк.
Шын мәнінде, бұл видео емес, компьютерде жасалған 3D анимация. Ұзақтығы 27 секундтық роликті сапасына қарай 62-ден 274 долларға дейін төлеп, сатып алуға болады.
Бұл 3D анимация бірнеше жыл бұрын жасалған. Оны 2017, 2014 және 2013 жылдардағы жарияланымдардан көруге болады.
Сондай-ақ, видео үзіндісі ғалым Рэй Курцвейлдің 2005 жылы TED конференциясында жасаған адамзаттың болашағы туралы футуристік болжамдарда қолданылған.
Демек, 3D анимация нақты наноробот түсірілімі емес және бірнеше жыл бұрын жасалғандықтан COVID-19 пандемиясына еш қатысы жоқ.