Мерекелік іс-шаралар кезінде полиция автопатрульдерінің саны көбейтіледі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз брифингіде мәлім етті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Жаңа жыл қарсаңында ішкі істер органдарының жеке құрамы күшейтілген қызметке көшеді. Полиция құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша іс-шаралар кешенін жүргізіп жатыр. Құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларға уақтылы ден қою үшін мерекелік іс-шаралар кезінде полиция автопатрульдерінің саны көбейтіледі», - деді ресми өкіл.
Оның айтуынша, іс-шаралар өткізілетін және азаматтардың жаппай қыдыратын орындарында, көшелерде полиция нарядтарының, оның ішінде жаяу нарядтардың саны артады. Қоғамдық орындарда бейнебақылау күшейтіледі.