Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 4 желтоқсандағы № 65 қаулысына сәйкес шетелден әуе рейстерімен ұшып келетіндерге бірқатар шектеу шарасы енгізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Egemen.kz-ке сілтеме жасап.
1. Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін барлық адамдар (Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда) термометриядан, сауалнамадан өтеді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын, ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтаманы (бұдан әрі – Анықтама) ұсынуға міндетті. Алып жүретін адамдарда Анықтама болған жағдайда 5 жасқа дейінгі балаларға Анықтама ұсынылмайды.
2. Дене температурасы қалыпты шектегі, анықтама берген, келген адамдарға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, CОVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі, олар межелі жеріне жол жүруді жалғастырады.
3. Дене температурасы жоғары келген адамдар, Анықтаманың болуына қарамастан, инфекциялық стационарда оқшаулауға жатады.
4. Келген адамдарға сауалнама осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
5. Қазақстан Республикасының келген азаматтары Анықтама болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін 3 тәулікке дейін карантиндік стационарға оқшаулауға жатады. COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін COVID-19-ға теріс нәтижесі бар келген адамдарға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі. COVID-19-ға оң нәтижемен келген адамдар инфекциялық стационарға жатқызылады.