Мемлекеттік кірістер комитеті "18 жастан асқан әрбір азамат төлемді алуға құқылы" деп аталатын видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мұндай төлемдер туралы ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.
Әлеуметтік желілерде және бейне порталдарда "18 жастан асқан әрбір азамат төлемді алуға құқылы" деп аталатын бейнефильм таралуда. Атап айтқанда, бейнеде бірнеше жыл ішінде төленген ҚҚС сомаларын қалай қалпына келтіру туралы айтылады. Алаяқтар азаматтарды ақшаны қайтару үшін жалған веб-сайтқа бағыттайды. Яғни көрермендер төленбеген қаражатты қайтару бойынша бірыңғай өтемақы орталығы веб сайтына кіруі керек. Жалған қайтару туралы нұсқаулық кезінде автор көрерменнен өзінің деректерін, банктік картаның нөмірін, сондай-ақ сіздің қаражатыңызға иелік ете алатын CVV / CVC кодын көрсетуін сұрайды. Бейнежазбада немесе жалған сайттың өзінде оң пікірлер болуы мүмкін, бұл жазбалар да шындыққа жанаспайды", делінген хабарламада.