ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады.
«Еліміздегі құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Сіздер қиындыққа ұшырағандарға көмек беріп, ерен ерліктің үлгісін көрсетіп келесіздер. Құтқарушылардың түрлі апат салдарын жоюға сіңірген еңбегі зор. Қайта құрылған министрлік қызметкерлеріне табыс тілеймін!», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.