Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысы 22 қазанда өтеді. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин айтты.
«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысы 22 қазанда өтеді. Оған әр өңір онлайн-форматта қосылады. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауын жүзеге асыру жолдарын талқылау. Сондай-ақ отырыс аясында Президент Әкімшілігі, Үкімет және Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік басшылығының қатысуымен Ұлттық кеңестің жұмыс топтарында талқылау өтеді», - деді Ерлан Қарин telegram каналында.