2020-2021 оқу жылына арналған магистратура дәрежесі бойынша қай бағытқа қанша грант бөлінгені белгілі болды. Мәліметпен ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Әділет Тойбаев бөлісті.
«Бағыттар бойынша айтар болсақ, онда бізде келесідей грант саны бар: педагогика ғылымдары бойынша - 3 267, өнер және гуманитарлық ғылымдар бойынша - 570, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бағыты бойынша - 401, бизнес басқару және құқық саласы бойынша - 825, жаратылыстану, математика, статистика бағыттары бойынша - 963, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша 1 170 грант тағайындалды. Осы ретте айта кетерлігі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағытында үлкен конкурс болды», - деді ол.
Департамент басшысының айтуынша, инженерлік өңдеу және құрылыс материалды бойынша - 2 250 , ауыл шаруашылығы және биоресурстар бойынша - 204, ветеринария бойынша - 72, д енсаулық сақтау бағыты бойынша - 115, қызмет көрсету саласы бойынша 237 грант тағайындалды.
«Республикада ең жоғары кокурс шет тілі педагогтарын даярлау бағыты бойынша болды. 150 балдың 134 балмен өтті. Ал ең төменгі конкурс ветеринария бағытында орын алды. Бұл бағытта 72 грант тағайындалған еді. Конкурс нәтижелерін Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтында жариялаймыз», - деді Әділет Тойбаев.