Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовтің есебін тыңдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетовтің есебін тыңдады.
Кездесуде Мемлекет басшысының биылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру және экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы тікелей және портфелді инвестиция тарту жұмыстары кезінде өңірлік үйлестірудің маңызына ерекше тоқталды.
Қайрат Келімбетов Президентке Қаржы орталығының 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясына сәйкес АХҚО жұмысын жаңғырту жайын баяндады.
Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.