Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.
«Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдадым» , - деді Президент.
Осы орайда Мемлекет басшысы жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта беретінін айтты.
«Бұл мақсатқа алдағы үш жылда 1,2 трлн теңге бөлінеді», - деді Қ. Тоқаев.