ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Амантайұлы Түсіпов Армениядан жеткізілген автокөліктерді тіркеу мерзімін ұзарту ұсынысына қатысты жауап берді.
«Тіркеу бойынша тиісті талаптар бар екенін ескере отырып, Үкімет қаулысында тіркеудің нақты мерзімі бекітілген. Тіркеу шаралары 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жүзеге асырылады. Осы мерзімге аталған тіркеу талаптарына жататын барлық көліктер тіркеледі деп жоспарлануда», - деді С. Түсіпов.
«Азаматтар тарапынан өтінімдер бар екенін, сондай-ақ ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті жағынан қайтадан жабдықталған автомашиналарды тіркеу үшін жағдай жасалып отырғанын ескере отырып, өзгертіп жабдықталған автокөліктер үшін мерзімді ұзарту ұсынысын пысықтап жатырмыз», - деді С. Түсіпов.