Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың "Министрлік жұмысының қорытындылары және 2020-2025 жылдарға арналған міндеттер туралы" халықпен есептік кездесуі 20 тамызда өтеді. Бұл туралы Министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап mangystaumedia.kz сайты хабарлайды.
Кездесу сағат 11.00-де басталады, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі мен Министрліктің Facebook және YouTube-те трансляцияланумен оnline режимінде өтеді.
Министр тікелей эфирде азаматтардан келіп түскен сұрақтарға да жауап береді.
Бұдан басқа, есептік кездесу барысында жедел желі телефоны жұмыс істейді - 8 701 701 01 34. Осы телефон нөмірінің WhatsApp-на қызықтыратын сұрақтарды жібере аласыз.
Есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша министрдің брифингі өтеді. Ол «Хабар 24» телеарнасында трансляцияланады. БАҚ өкілдері өз сұрақтарын Орталық коммуникациялар қызметіне жолдай алады.