ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 42 500 теңге қатысты жиі қоятын 18 сұраққа жауап берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
1. Мүгедектер 42 500 теңге төлемін алады ма?
Біржолғы төлем келесі санаттарға жүзеге асырылады:
1) жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлерге;
2) жеке кәсіпкерлерге;
3) жеке практикамен айналысатын адамдарға;
4) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын жеке тұлғаларға;
5) бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға (бұдан әрі – БЖТ төлеуші).
Сонымен бірге, жалдамалы жұмысшы (жұмыс беруші өтініш береді), жеке кәсіпкерлер, соның ішінде БЖТ-ны тұрақты төлеушілер (ай сайын) болып табылатын мүгедектер, егер олар шектеулерге байланысты табыстарынан айрылса, біржолғы төлем алуға құқылы.
2. Декреттік демалыстағы (жүкті әйелдер) және 3 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыстағы адамдар 42 500 теңге ала алады ма?
Біржолғы төлем қатаң карантиндік шектеу шараларының енгізілуіне байланысты 2020 жылғы шілдеде табысын толық жоғалтқан жағдайда тағайындалады.
Егер әйел жүктілікке және босануға байланысты декреттік демалыста болса, 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста болса, онда оған біржолғы әлеуметтік төлем төленбейді.
Өзге жағдайда, егер ол жалдамалы жұмысшы болса (жұмыс беруші өтініш береді), өзін-өзі жұмыспен қамтыған болса (кем дегенде бір рет БЖТ төлеген, мысалы, төтенше жағдай кезінде немесе күшейтілген шектеулер енгізілгенге дейін), онда ол шектеу шараларын енгізуге байланысты 2020 жылдың шілдесіндегі табысын толықтай жоғалтқан жағдайда біржолғы әлеуметтік төлемге ие бола алады.
3. Студенттер 42 500 теңге ала алады ма?
Біржолғы төлем келесі санаттарға жүзеге асырылады:
1) жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлерге;
2) жеке кәсіпкерлерге;
3) жеке практикамен айналысатын адамдарға;
4) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын жеке тұлғаларға;
5) бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға (бұдан әрі – БЖТ төлеуші).
Бұл ретте жалдамалы жұмысшылар (жұмыс беруші өтініш береді), жеке кәсіпкерлер, соның ішінде БЖТ-ны тұрақты төлеушілер (ай сайын) болып табылатын студенттер, егер олар шектеулерге байланысты кірістерінен айырылса, біржолғы төлем алуға құқылы.
4. Жұмыссыздардың 42 500 теңге төлем алуға құқығы бар ма?
Карантиндік шектеу шараларын енгізу салдарынан ағымдағы жылғы шілде айында табысынан айырылған жұмыс істейтін, атап айтқанда келесі санаттарға:
1) жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлерге;
2) жеке кәсіпкерлерге;
3) жеке практикамен айналысатын адамдарға;
4) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын жеке тұлғаларға;
5) бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға (бұдан әрі – БЖТ төлеуші) азаматтарға МӘСҚ-тан біржолғы төлем төленеді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 40%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған қызметкерге:
- Egov.kz порталында авторизациялану;
- «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;
- онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және өтінімге ЭЦҚ-мен қол қойып, жіберу қажет;
- бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – ХЖҚО) бос жұмыс орындарын ұсынады;
- егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде жұмыссыз статусы қашықтықтан берілетін болады (қажет болған жағдайда қосымша ақпарат жинау үшін сізге ХЖҚО қызметкері хабарласады).
Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.
МӘСҚ қаражаты есебінен жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адам жұмыс іздеген кезеңде оны қолдауға арналған.
5. Зейнетақы мен жәрдемақы алушылар 42 500 теңге төлем алуға құқылы ма?
Біржолғы төлем келесі санаттарға жүзеге асырылады:
1) жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлерге;
2) жеке кәсіпкерлерге;
3) жеке практикамен айналысатын адамдарға;
4) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын жеке тұлғаларға;
5) бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға (бұдан әрі – БЖТ төлеуші).
Бұл ретте зейнетақы және жәрдемақы алушылар жалдамалы жұмыскерлер (жұмыс беруші өтініш береді), жеке кәсіпкерлер, соның ішінде БЖТ-ны тұрақты төлеушілер (ай сайынғы негізде) болып табылса, оның ішінде шектеулерге байланысты кірістерінен айырылса, біржолғы төлем алуға құқылы.
6. 42 500 теңге төлем тағайындауға өтінішті қайда беруге болады?
Ағымдағы жылдың шілдесінде шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылған жағдайда МӘСҚ-тан біржолғы төлем тағайындау туралы өтінімдерді келесі арналар арқылы беруге болады:
- egov.kz –веб-порталы;
- 42500.enbek.kz порталы;
- telegram-bot-тар;
- Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы;
- екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары.
16 шілдеден бастап БЖТ төлеушілер болып табылатын адамдар үшін sms-хабарламаларды жіберу арқылы біржолғы төлемді тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету жүзеге асырылуда.
18 шілдеден бастап БЖТ төлеушілер egov.kz және 42500.enbek.kz порталы; telegram-bot-тар; Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы; екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтінім бере алады.
Төлемді проактивті тағайындауға келісім берген азаматтарға басқа арналар арқылы өтінім берудің қажеті жоқ, себебі sms-ке жауап автоматты түрде өтінім беру болып табылады.
17 шілдеден бастап жеке кәсіпкерлерден; жеке практикамен айналысатын адамдардан; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалардан өтінімдер қабылданады.
Жалақы сақталмайтын демалысқа жіберілген жалдамалы қызметкерлер үшін өтінімді тек жұмыс беруші ғана беретіндігін атап өту қажет. Жұмыс берушілерден (заңды және жеке тұлғалардан) өтініштер 19 шілдеден бастап қабылданады.
7. 42 500 теңге төлемінеөтінімдер қай уақытқа дейін қабылданады?
2020 жылдың шілдесінде шектеу шараларын енгізу салдарынан табысынан айырылған жағдайда МӘСҚ-тан біржолғы төлем тағайындау туралы өтініштер 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданады.
8. Егер карантин ұзартылса, тамызда 42 500 теңге аламыз ба?
2020 жылдың шілдесінде шектеу шараларын енгізуге байланысты осы шілде айында табысынан толықтай айырылған жағдайда, Шектеу шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылған жағдайда біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларына сәйкес біржолғы төлем бір рет тағайындалады және бір айлық жалақы мөлшерінде (42,500 теңге) белгіленеді.
Осылайша, осы Қағидалардың аясында 42,500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем осы жылдың шілде айына ғана төленеді.
9. Егер жұмыс беруші өз қызметкерлері үшін 42 500 теңге төлем алуға өтініш беруден бас тартса, не істеу керек?
Ағымдағы жылдың шілдесінде шектеу шараларының енгізілуіне байланысты кірісі жоғалған кезде МӘСҚ-тан 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем алуға өтінішті жалақысы сақталмайтын демалыстағы жұмыскерлерге жұмыс берушінің өзі ұсынады.
Жұмыс беруші жоғарыда көрсетілген төлемді тағайындау қағидаларының талаптарын сақтамаған жағдайда, қызметкер жергілікті еңбек инспекциясы органына жүгінуге құқылы.
10. Ауылда интернет болмаса өтінішті қалай берем?
Қазіргі уақытта барлық дерлік елді мекендерде, жоқ дегенде, мобильді интернет қолжетімді екенін ескере отырып, Сіз телеграмм боттары мен екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы өтініш бере аласыз.
Егер бірреттік төлемді тағайындау туралы SMS-хабарлама алсаңыз, онда Сізге өтініш жіберудің қажеті жоқ, тек хабарламаға жауап берген жеткілікті.
Егер жұмыскер болсаңыз және ақысыз демалысқа шықсаңыз, жұмыс беруші (заңды және жеке тұлғалар) біржолғы төлем туралы өтініш беруі керек.
Егер жалданып жұмыс істеп жүрсеңіз және ақы төленбейтін демалыста болсаңыз, жұмыс беруші (заңды және жеке тұлғалар) Сіз үшін біржолғы төлем туралы өтініш беруі керек.
Сонымен бірге, жеке кәсіпкерлер (өздері үшін); жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстарды орындаудан (қызметтер көрсетуден) табыс алатын жеке тұлғалар; Бірыңғай жиынтық төлем (БТЖ) төлеушілер өтінімді өз бетінше беруі керек.
11. 42 500 теңгеге өтінімді қарау қанша уақыт алады?
Шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, өтінішті қарау және бірреттік әлеуметтік төлем тағайындау мерзімі 5 жұмыс күнін құрайды.
12. 1414 нөмірінен 42 500 теңгені тағайындау туралы SMS алдым және оған не деп жауап беруім керек?
Егер Сіз 42 500 теңге көлемінде біржолғы төлем алуға келіссеңіз, жауап ретінде «1» нөмірін жіберуіңіз керек. Егер бас тартсаңыз, «2» санын енгізіңіз.
13. Өткенде де 42500 теңге алдым, SMS келгенімен, жауап қайтарылмай жатыр. Не істеу керек?
Төлемді проактивті тағайындау үшін келген SMS-хабарламаға 5 күнтізбелік күн ішінде жауап беру керек. Егер sms-жауап жолдау кезінде қате шықса, бұл келесі себептерден болуы мүмкін:
- сіздің теңгеріміңіз 1бірліктен аз;
- телефон баптауларында қысқа нөмірлерге sms-хабарлама жіберуге тыйым салынған;
- баптауларда мәтіндік хабарламаларға тыйым салынған және MMS-хабарламалар басымдыққа ие;
- байланыс сапасына байланысты;
- ұялы байланыс операторларындағы түйткілдер.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін төтенше жағдай кезінде төлем алған, қосымша шектеулердің енгізілуіне байланысты табысынан айырылу ықтималдығы жоғары азаматтарға SMS-хабарлама жіберілді. Бұл хабарламаға SMS-хабарлама арқылы: кірісті толық жоғалту дерегін растау үшін 1 нөмірімен немесе төлеуден бас тартқан жағдайда 2 нөмірімен жауап беру керек. Оң жауап болған жағдайда төлем сомасы бұрын төлем түскен шотқа түседі. Қосымша өтініш берудің қажеті жоқ.
14. 1414 нөмірінен 42 500 теңге төлемін тағайындауды растау туралы SMS-хабарлама алдым, бірақ менің ЖСН көрсетілмеген, қалай жауап беру керек, кімге хабарласуға болады?
SMS-хабарлама бұның алдында төлем алған азаматтарға жіберілді. Егер Сізге келген SMS-хабарламада басқа адамның ЖСН-і болса, хабарламаны елемеу керек.
15. Жалақымды қысқартса, 42 500 теңгеге өтініш бере аламын ба?
Қағидаларға сәйкес, біржолғы төлем бір рет тағайындалады және шектеу шараларын енгізуге байланысты 2020 жылғы шілдеде кірістен толықтай айырылған жағдайда, тиісті қаржы жылына «Республикалық бюджет туралы» заңымен белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленеді.
Осылайша, егер кірістен толық айырылу жағдайы болмаса, төлем тағайындалмайды.
16. Сырқаттанып, еңбекке жарамсыздық парағын ашсам, 42 500 теңге ала алам ба?
Біржолғы төлем:
1) жалақы сақталмайтын еңбек демалысындағы қызметкерлерге;
2) жеке кәсіпкерлерге;
3) жеке практикамен айналысатын адамдарға;
4) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғаларға;
5) бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілерге тағайындалады.
Осылайша, ауырып қалып, уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңіндегі азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындалмайды.
ҚР Еңбек кодексінің 133-бабына сәйкес, жұмыс беруші уақытша еңбекке жарамсыз жұмысшыларына өз қаражаты есебінен әлеуметтік жәрдемақы төлеуге тиіс.
17. Банкте шотым жоқ, әйелімнің шотын көрсете отырып, 42 500 теңгеге өтініш бере аламын ба?
Өтініш берген кезде адам тек өзінің банктік шотын көрсетуге тиіс.
Біржолғы әлеуметтік төлем адамның ЖСН, аты-жөні және банктік шот нөмірі сәйкес келген жағдайда ғана банктік шотқа аударылады.
Біржолғы төлем жасау туралы өтініштер 2020 жылдың 17 шілдесінен 1 қыркүйегіне дейін қабылданады, сәйкесінше осы мерзім ішінде Сіз өзіңізге ыңғайлы банкке хабарласып, шот аша аласыз.
18. Жеке кәсіпкерлер 42 500 теңге біржолғы төлемін алу үшін қай күннен бастап табыссыз қалған болуы керек?
Үстіміздегі жылдың 5 шілдесінен бастап (Қазақстанда шектеу шаралары енгізілген кезден) кірісін толығымен жоғалтқан жеке кәсіпкерлер шектеу шараларының енгізілуіне байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы - 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем алуға өтініш бере алады.
Табыс жоғалту фактісін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен және Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесе отырып, аудандық (қалалық) штабтар растайды.