© akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнімен құттықтады. Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында жазды.
«Бүгін Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Биыл бұл шара биологиялық алуан түрлілікті сақтауға арналып отыр. Қазақстанда жан-жануарлардың, құстардың, балықтар мен өсімдіктердің ондаған түрі жойылып кету қаупінің алдында тұр. Табиғатты қорғау – мемлекеттік маңызы зор іс», - деп жазды Мемлекет басшысы.