Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жайында баяндалды. Бас прокурор Төтенше жағдай режимі кезінде қылмыс деңгейінің төмендегенін атап өтті.
Қазақстан Президентіне ірі қылмыстық істердің тергелу барысы және қоғамдық мүддені қорғауға қатысты жұмыстар туралы мәлімет берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев дағдарысқа қарсы шаралардың орындалуын қатаң бақылай отырып, заңдылықты сақтау, мемлекет пен қоғам мүддесін қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастыра беру қажеттігін айтты.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.