© kazinform.kz
Алдағы отырыс онлайн форматта өтеді, оған түрлі өңірлер қосылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Президент кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің Telegram парақшасында жазды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша алдағы отырыстың күн тәртібі адами капиталды дамыту, атап айтқанда білім саласын дамыту мәселелеріне арналады. Ақпан айынан бері Ұлттық кеңес мүшелері елдегі білім жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар мен кеңестерді қарастырып келеді. Оның барлығы алдағы отырыс барысында талқыланады» деп жазды Ерлан Қарин.