11-сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру және соңғы қоңырау 3-4 маусымда өтеді. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.
Мектеп бітіру іс-шараларын өткізу бойынша ұсыныстар:
- Іс-шара мектеп аумағында, ашық алаңда әр сынып үшін бөлек өткізіледі, уақыт аралығы
- 20 минут - Түлектер рәсімге мектеп формасында қатысады
- Әрбір түлекпен 1 немесе 2 ата-анасы қатыса алады
- Маскалық режимді міндетті түрде қамтамасыз ету және қашықтықты сақтау керек
Жол берілмейді:
- Мектеп немесе педагогтерге сыйлық алу үшін ақша жинау
- Ивент-агенттіктерді, аниматорларды шақыру
- Мерекелік дастархан жасап, аса салтанатты өткізу
- Автокөліктерді жалға алып, қала ішінде экскурсия жасау -
Мейрамхана, дәмхана және көңіл көтеру орындарында отырыс ұйымдастыру