ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мемлекеттік бағдарлама пәтерлерінің кімге берілетінін түсіндірді.
«11 мамыр күні Мемлекеттік комиссия отырысында баспана құрылысындағы мәселелерді шешу, оның ішінде «Отбасы банк» ұлттық институтын құру туралы тапсырма берілді. Оның басты идеясы - баспанасы жоқ әрбір қазақстандықтың орталыққа жүгініп, өз табысына сәйкес қолжетімді баспана алу мүмкіндігі. Іріктеу азаматтардың санатына қарай емес, нақты табысына қарай жүргізіледі», - деп түсіндірді Б. Атамқұлов Үкімет үйінде өткен брифингте.
Министр алғашқы топқа табысы төмен азаматтардың енетінін айтты.
Отбасының әр мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейі - 31 200 теңгеден келетін отбасы арендалық баспананы алады. Отбасының әр мүшесіне күнкөріс деңгейінің екі есе көлемі - 62,4 мың теңгеден келсе, олар «2-10-20» бағдарламасымен 2% баспана ала алады.
«Әр адамға күнкөріс деңгейінің 3,1 көлемінде - 96 700 теңгеден келетін табысы бар азаматтар 5-10-20 бағдарламасымен баспана ала алады. Ал күнкөріс деңгейінің 3,1 көлемінен де жоғары табыс түсетін отбасы - 7-20-25 бағдарламасы арқылы екінші деңгейлі банктерде пәтер алады, бұл - нарықтық ипотека», - деді Б. Атамқұлов.