© Ақорда
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныптарын беру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
генерал-лейтенант әскери атағы:
Бектанов Мұрат Кәрібайұлына,
Дәндібаев Тимур Тұрарұлына,
Ділманов Дархан Айтқалиұлына,
Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлына,
Қамалетдинов Сұлтан Бүркітбайұлына;
әділет генерал-лейтенанты әскери атағы
Сартаев Дастан Шаймерденұлына;
ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты арнаулы атағы
Мәсімов Кәрім Қажымқанұлына;
2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені
Асылов Берік Ноғайұлына;
генерал-майор әскери атағы:
Жазин Серік Кенжетайұлына,
Жоламанов Асқар Ахметұлына,
Жүсіпов Асан Қуанышұлына,
Ильин Юрий Викторовичке;
ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы:
Әмірханов Асқар Баймерденұлына,
Қадырбеков Жанқозы Зекенұлына,
Манжуов Нұрғанат Нұрбапаұлына;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы
Сағымбаев Ермек Алдабергенұлына;
полиция генерал-майоры арнаулы атағы:
Жұмаханбетов Ералы Мұсалиұлына,
Калайчиди Алексей Дмитриевичке,
Сәденов Ержан Сапарбекұлына,
Таймерденов Қанат Даниярұлына;
3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені:
Мырзакеров Бауыржан Қыпшақұлына,
Сүлейменов Тимур Қайырбекұлына;
3-санатты жоғары біліктілік сыныбы:
Бектенов Олжас Абайұлына,
Қабдула Шыңғыс Қайыпұлына
берілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 4 мамыр
№ 323